ІІ-ші кіші "Ботақан" тобы". Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі. Тақырыбы: "Айболиттің көмекшілері". Тәрбиеші: Рахимова Р.А.
Қортынды ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.
Тақырыбы: «Айболиттің көмекшілері»
Мақсаты: Балалардың арасындағы достық қарым- қатынасты нығайтып,бірлесе жұмыс жасауға тәрбиелеу.Танымдық қабілетін дамыту.Тілін дамытып,ойлау қабілетін,өз ойын еркін айта білуін қалыптастыру.Есту,көру қабілеттерін арттыра отырып,шығармашылық қабілетін дамыту.Геометриялық пішіндерді,түстерді айта білуін бекіту.Көкөністер мен жемістер туралы жыл бойы меңгерген білімдерін бекіту.
Сабақ барысы:
Балалар залға әдемі әуенмен кіріп,жартылай шеңбер болып тұрады.
Шаттық шеңберін орындайды:
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Қайырлы таң,балалар!
Сол уақытта жүгіріп Айболит кіреді.
- Балалар,маған көмектесіңдерші.
Тәрбиеші: Не болды,Айболит?
Айболит: Маған Африкадан звандап тез келуімді сұрады.Африкадағы аңдардың бәрі ауырып қалыпты.Мен аңдарға сиқырлы суды әкеле жатыр едім, қарақшылыр кездесіп тартып алды.Оны сандыққа салып,құлыптап қойды.
Тәрбиеші: Біз қалай көмектесеміз? Не істеуіміз керек?
Айболит: Қарақшылар жұмбақ жасырған екен,соны тапсақ, сонда сандықты ашып сиқырлы
суды аламыз.
Тәрбиеші: Балалар,Айболитке көмектесеміз бе?
Балалар: Иә,көмектесеміз.
Тәрбиеші: Балалар,онда біз жолға шығайық. Бірақ баратын жеріміз алыс, сондықтан пойызға отырайық.Айболитте бізбен бірге барсын.
Балалар пойызға отырады. (Пойыздың дауысы).
Тәрбиеші: Міне,балалар келдік. Ой,мынау не екен?
Жерден хат тауып алады.
Тәрбиеші: Ааа.. бұл қарақшының тапсырмасы ғой.Кәне, оқып көрейік.
Жұмбақ:
Ұзын құлақты,жылдам аяқты
Сәбізді жақсы көретін, ол не?
Балалар: Қоян.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар.Қараңдаршы,мына жерде қоян бар екен.Қоянның кәрзеңкесі,сәбіздері де бар екен.Қоян сәбіздерін шашып алып,қалай жинарын білмей тұр.Қоянға көмектесейік.
Балалар: Иә,көмектесеміз.
Тәрбиеші: Балалар,қоянның кәрзеңкелері бірдей ме?
Балалар: Жоқ,бірдей емес.Бір кәрзеңке үлкен, екінші кәрзеңке кішкентай.
Үлкен кәрзеңке ақ түсті,кішкентай кәрзеңкенің түсі қоңыр.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, қоянның сәбіздері бірдей ме?
Балалар: Жоқ, бірдей емес. Сәбіздер ұзын және қысқа.
Тәрбиеші: Балалар,онда ұзын сәбіздерді үлкен кәрзеңкеге, қысқа сәбіздерді кішкентай кәрзеңкеге салайық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар. Енді қарақшының екінші жұмбағын табайық.
Жұмбақ:
Өзі айлакер,өзі қу
Жүрген жері айқай- шу.
Ол не?
Балалар: Түлкі.
(Интерактивті тақтадан көрсету)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар. Түлкі өзіне әдемі көйлек сатып алғысы келеді.Бірақ таңдай алмай жатыр.Түлкіге әдемі көйлектер таңдап беруге көмектесейік.
Балалар: Иә,көйлек таңдауға көмектесеміз.
Тәрбиеші: Онда орындарымызға отырайық.
Үлгі суретпен жұмыс
Тәрбиеші: -Арлан,сендегі көйлектің пішіні қандай?
(Жеке- жеке сұрау).
-Айзере, сенің дөңгелек көйлегіңнің түсі қандай?
(Жеке- жеке сұрау)
Тәрбиеші: Ал енді сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Бала,бала,балақай
Қол соғайық,алақай!
«Бір,екі,үш» деп санайық
Саусақтарды тартайық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар.Түлкіге әдемі көйлек сыйладыңдар.
Енді қарақшының тағы бір жұмбағын шешейік.
Жұмбақ:
Жауымнан мен қашқанда
Ағаштарға самғап барамын.
Ал қарным ашқанда
Отырып ап жаңғақ шағамын.
Ол не?
Балалар: Тиін.
Тәрбиеші: Тиін мына жерде отыр екен.Тиін бірдеңе айтқысы келеді.Тыңдайық.
Тиін тәрбиешінің құлағына бірдеңе айтады.
Тәрбиеші: Балалар, тиін көкөністер мен жемістерді ажырата алмай жатыр екен. Көмектесеміз бе?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Онда көкөністерді бір кәрзеңкеге, ал жемістерді екінші кәрзеңкеге салайық.
Тәрбиеші: Балалар,жемістер қайда өседі?
Балалар: Ағашта өседі.
Тәрбиеші: Ал көкөністер ше?
Балалар: Жерде, бақшада өседі.
Балалар тиінге көмектесіп, көкөністер мен жемістерді бөліп салады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, тиін сендерге рахмет айтып жатыр.
Сол уақытта жүгіріп Қарақшы кіреді.
- Мен сендерге бәрібір кілтті бермеймін.
Тәрбиеші: Онда біз саған билеп берейік.
Бой жазу сергітуі «Бала,бала,балапан»
(Интерактивті тақтадан көріп,бірге билеу).
Қарақшы: Ой, мен шаршап кеттім.Сендер ақылды,епті екенсіңдер.Жұмбақтың бәрін шештіңдер.Жарайды, енді сендерге кілтті берейін.
Қарақшы кілтті тәрбиешіге береді.
Айболит: Онда сандықты ашып, сиқырлы суды алайық.
Тәрбиеші: Жақсы,онда қазір сандықты ашамыз.
Тәрбиеші сандықты ашып, суды алады.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, су қандай?
Балалар: Су мөлдір.
Тәрбиеші: Су мөлдір болғанымен сиқырлы емес, жай су сияқты.
Ендеше қазір сиқырлап,суды сиқырлы суға айналдырайық.
Сумен тәжірибе жасау балалармен бірге.
Айболит: Рахмет, балалар. Енді сиқырлы суды алып Африкаға барып,аңдарды емдеймін.
Ал сендерге дәрумендер беремін.
Тәрбиеші: Рахмет! Сау болыңыз!
Айболит кетеді.
Сұрақ- жауап арқылы қорыту.