Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі. ІІ-ші кіші "Ботақан" тобы. Тәрбиеші: Аманқұлқызы.А.
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Тобы: ІІ-кіші «Ботақан»
Тақырыбы: «Үйшік» еретегісін драматизациялау.
Білім беру саласы: Қатынас
Мақсаты: Тәрбиешінің көмегімен «Үйшік» еретгісін сахналауға және драматизациялауға деген қызығушылығын туғызу. Әсерлі әрекеттерде балалардың шығармашылығының дамуына ықпал ету.
Міндеттері:
- Сөздік қорларын толықтыру және сөйлеуін дамыту.
«тәрбиеші орысша сөздерді пайдаланады және балаларды мадақтайды, балалар бұл сөздерді қайталайды).
- Балалардың жеке қабілеттерінің дамуы.
(театр, сөйлеу, қарым-қатынас) «Үйшік» ертегісін драматизациялау арқылы.
- Тіл дамыту, ырғақты сезіну, жалпы және ұсақ маториканы дамыту, қимыл координациясын.
- Балалардың мұқият тыңдау қабілетін қалыптастыру.
- Балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылықтарынаттыру.
- Балалардың эмоционалдық жауаптылыққа тәрбиелеу.
- Балаларды бір-біріне жақын ойнауды тәрбиелеу.
Бала мен алдын -ала жұмыс жасау.
«Үйшік» ертегісін оқу еретегі кейіпкерлері туралы әңгімелесу бейімдеу. Жұмбақ шешу. Өлең оқу. Ертегіні үстел-үсті театр көмегімен көрсету. Ертегі кейіпкерлерінің суретін салу, жапсыру арқылы көрсету.
Ата-аналарға балалар мен бірге «Үйшік» ертегісін көруге, еретегінің бейнелі суреттерін тамашалауға, кейіпкерлеріне назар аударуға, суретін салуға кеңес беру.
Қолданатын көрнекі құралдар. Ертегі кейіпкерлеріне арналған атрибуттар, декорация, музыкалық сүйемелдеу. Ертегі кейіпкерлерінің костюмдері, интерактивті тақта.
Билингвалды компонент: жақсы-хорошо, жарайсың- молодец, лягушка-бақа, түлкі-лиса, аю-медведь, қасқыр-волк, қоян- заяц,
Балалар оқу қызметі өтетін бөлмесіне кіреді.
Тәрбиеші: Балалар, қане бір-бірімізге күлімдейікші, біздің көңіл күйіміздің жақсы екенін көрсетейік.
Біз әдепті баламыз,
Бір ерекше боламыз,
Қонақтарды көргенде,
Салемдесіп аламыз.
Сәлеметсіздер ме!
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)
Жарайсыңдар. Көктем мезгілі екенін қалай білісіңдер? (Қар ериді, ағаштар бұршік жарады, жаңбыр жауады, жер жап жасыл болады). Жақсы балалар. Сендер саяхатқа шыққыларың келеме? (Ия). Онда біз сендермен орманға барамыз. Қараңдаршы жол жатыр. Осы жолмен жүрейік.
Жолда балалар келеді
Қапты тауып алады.
Ал қапымыз жай емес,
Сыйқырлы екен осындай!
Балалар міне қызық қап жатыр, ішінде не бар екен, қане көрейік. Ой бұл жұмбақ. Қане сендер тыңдаңдар және жауабын тауып көріңдер.
( Тәрбиеші қаптан жануарлар суреті жабыстырылған текшені шығарады. Теарт текшемен. Үстел үстіне шығарып қояды).
Үй ішін аралап,
Түнде көп жортады.
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады (Тышқан)
Жерді де мекен етеді
Көлді де мекен етеді (Бақа)
Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян)
Орманда тұрады, өзі бір қу,
Жүрген жері айғай мен шу. (Түлкі)
Ит сияқты пішіні
Ұнатпайды ол кісіні (Қасқыр)
Қыс бойы жатады
Тәтті ұйқыға батады. (Аю)
Балалар қалай ойлайсыңдар бұл қай ертегінің кейіпкерлері? Дұрыс, «Үйшік» ертегісі. Ал сендер сол ертегінің кейіпкерлері болғыларың келе ме? Онда бастарыңа маска киіңдер, ал мен тақпақ оқимын сол кезде кезектесіп шығасыңдар. (балалар жануарлардың жүрістерін салады)
Қоймадағы қаптарды
Тышқан тесіп қоймайды,
Масақпенен тышқандар
Қуаласпақ ойнайды. (Тышқан)
Бақа, бақа, балпақ.
Басың неге жалпақ ?
Көзің неге тостақ?
Бұтың неге талтақ? (Бақа)
Ұзын құлақ сұр қоян,
Еспіп қалып сыбдырды
Ойлы- қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді. (Қоян)
Мен көкжал қасқырмын
Малшыны састырдым.
Аш болсам ұлимын
Ауылды торимын. (қасқыр)
Мейірімді, қонжық- қорбаңбай
Орманды мекен етеді.
Ағаш түбін паналап
Бейқам өмір сүріпті. (Аю)
Түлкі деген қу гой
Жүрген жері шу гой
Жатып алып жағада
Іздегені ду гой. (Түлкі)
Жарайсыңдар, балалар. Қазір ертегіні ойнаймыз.
Әуен ойналып тәрбиеші үлкен текшелерден үйшік құрастырады.
Тәрбиеші. Ал енді бір серігіп алайық.
Орнымыздан тұрайық,
Мойнымызды бұрайық.
Қолымызды созайық.
Су ішінде қалықтап,
Оңға, солға бір қарап
Жүзіп- жүзіп алайық.
Тәрбиеші. Айдалада бір үйшік тұр. Тышқан өтіп бара жатып үйшікті көрді.
Әдемі үйшік. Үйшікте кім бар, тіл қатшы?
Ешкім тіл қатпады. Сосын ол өзі үйшікке кіріп тұрып жатты.
Үйшікке секіріп бақа келді.
-Әдемі үйшік. Үйшікте кім бар?
-Мен тышқанмын. Ал сен кімсің?
-Мен бақамын.
-Кел бірге тұрайық.
Олар бірге тұрып жатты.
Қоян жүгіріп үйшікке келіп
Әдемі үйшік. Үйшікте кім бар?
Біз тышқан, бақамыз.
Ал сен кімсің?
Мен қоянмын.
Кел бізбен бірге тұр.
Олар бірге тұрып жатты.
Үйшіктің жанынан түлі өтіп бара жатты.
Терезені қақтыда.
Әдемі үйшік. Үйшікте кім бар?
Біз тышқан, бақа, қоянбыз.
Ал сен кімсің?
Мен түлкімін.
Кел бізбен бірге тұр.
Барлығы бірге тұрып жатты.
Қасқыр келіп есіктен сығалап.
Әдемі үйшік. Үйшікте кім бар?
Біз тышқан, бақа, қоян, түлкіміз.
Ал сен кімсің?
Мен қасқырмын.
Кел бізбен бірге тұр.
Барлығы бірге тұрып жатты.
Міне осылайша әндетіп әдемі үйшікте тұрып жатты.
«Ән» «Көктемде»
Көктемде, көктемде
Қар ериді, әр жерде.
Көктемде ,көктемде
Құстар ән салады.
Шик-ширик, шик-ширик
Құстар ән салады.
Кенет үйшік маңынан аю өтіп бара жатты.
Әдемі үйшік. Үйшікте кім бар?
Біз- көңілді аңдармыз тату тәтті жандармыз.
Ал сен кімсің?
Мен аюмын.
Кел бізбен бірге тұр.
Аю. Үйшікк біз сыймаймыз барлығымыз орманға барып үлкен үйшік соғайық.
Барлығы жиналып орманға барады.
Жарайсыңдар балалар сендер өз рөлдеріңді жақсы ойнап шықтыңдар.
Бетпердемізді (маскі) шешіп қайтадан балаларға айналайық.
Кейіпкерге айналып жақсы әртіс болдыңдар,
Қуанышқа ортақ боп, қане қолды соғыңдар.
Сау болыңыздар.