Ортаңғы "Жұлдыз" тобы". Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті. Тақырыбы: "Бауырсақпен көңілді саяхат". Тәрбиеші: Калиева Г.Ж.
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Тақырыбы: «Бауырсақпен көңілді саяхат.»
Мақсаты: Балаларға ертегі туралы түсінік беру; ертегі кейіпкерлерін көрсете отырып қиялы мен қабілетін жетілдіру; балалардың сөздік қорын, тілін дамыту.
Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлерінің суреттері, орман бейнеленген сахна.
Ұйымдастырылу кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Қимылмен көрсету
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.
Сұрақ-жауап:
- Балалар, қазір қай мезгіл?
- Көктем мезгілі екенін қайдан білеміз?
- Жиі не жауады?
- Құстар қай жаққа ұшып кетеді?
- Балалар, сендер ертегі тыңдағыларың келе ме?
Кел,тыңдайық ертегі,
Естіген жанды елітеді.
Талай ғажап оқиға
Қызық сырын шертеді.
-Балалар, мен сендерге « Бауырсақ» ертегісін айтып бергім келіп тұр.
Мұқият тыңдайық.
Ерте, ерте, ертеде бір ата мен әже болыпты.
Ата әжеге.
- Кемпірім, кемпірім, маған бауырсақ пісіріп берші.
- дейді.
Әже: Немен пісіріп берем, үйде ұн жоқ қой...
Ата: Қаптың түбін қақсаң, ұн табылып қалар. Содан маған бауырсақ пісіріп бер.
Әже: Жарайды.
Қаптың түбін қырнап, қырнап бір бауырсақ пісіріп береді.
Бауырсақ ыссы болады. Оны суытуға терезенің алдына қойып қояды.
Бір кезде бауырсаққа жан бітіп, терезеден орманға қарай қашып кетіпті.
Әндетіп келе жатқанда алдынан Қоян шығады.
Барысы.
Қоян:
Мен ақ қоян, ақ қоян,
Қорқақ қоян, сақ қоян.
Қасқырлардан қорқамын,
Орманға мен қашамын.
Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.
Бауырсақ: Мені жеме, біздің топтың балалары сен туралы керемет тақпақ біледі . Одан да соны тыңдап көр, егер ұнамаса мені жеуіңе болады.
Қоян: Жарайды, тыңдайын.
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып, ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің,
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
Қоян: Қандай керемет! Бауырсақ, мен туралы тақпақ маған өте қатты ұнады.
Мен сені босатамын. Өз жөніңе кете бер.
Осылайша қояннан құтылған бауырсақ орманда әндетіп келе жатқанда алдынан аш қасқыр шығады.
Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.
Бауырсақ: Мені жеме, одан да менің достарымның дайындаған көңілді дидактикалық ойыны бар. Егер ұнамаса, көңілің көтерілмесе мені жеуіңе болады.
Қасқыр: Жарайды көрейін.
Тақпақ қасқыр туралы:
Қасқыр орманда жортада,
Аяздан ол қорқады.
Аспанға қарап ұлиды,
Ауылда малды ториды.
Қасқыр: Менің көңілім көтерілді. Жарайды, бауырсақ, мен сені босатамын. Өз жөніңе кете бер.
Осылайша қасқырдан да құтылып, әндетіп келе жатқанда алдынан қорбаңдаған аю кезігеді.
Аю: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.
Бауырсақ: Мені жеме, одан да менің достарымның сен туралы айтатын әні бар. Соны тыңдап көрші.
Сергіту: « Аю, аю, тұршы».
Аю: Қандай керемет, мен туралы әндерің маған ұнады. Сондықтан да , бауырсақ, мен сені босатамын.
Осылайша аюдан оңай құтылып, орманда әндете келе жатқанда алдынан қу түлкі шыға келді.
Түлкі: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін
Бауырсақ: Мені жеме, менің достарым бүгін «Бауырсақ» ертегісін тыңдадды. Одан да сен балалардың білімдерін тексеріп көрші.
Дидактикалық ойын: « Кім тапқыр?»
Үстел үстінде ертегі кейіпкерлерінің суреттері тұр.
Балалар ертегі кейіпкерлерін рет-ретімен орналастыруы керек.
Ата, әже, қоян, қасқыр, аю, түлкі.
Түлкі: Балалардың білімдері өте қатты ұнады.
Сондықтан да бауырсақ, сені босатамын. Өз жөніңе жүре бер.
Осылайша түлкіден құтылған бауырсақ, ата-әжеге оралып, тату тәтті өмір сүріпті.
Рөльді сомдаған кейіпкерлерді таныстыру.
Қонақтармен қоштасу.