Ортаңғы "Жұлдыз" тобы". Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті. Тәрбиеші: Көжебаева Л.А.
Қортынды ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.
Білім беру саласы:Таным, коммуникация, шығармашылық, денсаулық, әлеумет.
Мақсаты: Балаларды қоршаған ортаға бейімдеу; ертегілер туралы түсініктерін қалыптастырып нұсқау бойынша тапсырмаларды орындауға үйрету; танымдық қабілетін дамыту; 5 көлемінде санды есептеуге үйрету, геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтау; шығармашылық қабілеттерінде байқағыштығы мен көз мөлшері, қолдың қимыл-қозғалысын қалыптастыру; топпен жұмыс жасауға үйрету; Оқу жылында алған білімі мен дағдыларды қалыптастыру.
Міндеті: Алған білімді жинақтау. Қамтамасыз етілген материалдарды топтастыру.
Ұсыну: Бес санын есептеп санау керек; балаларды көлікті жіктеуге қабілеттілігін
нығайту.
Бағдаршам туралы құндылықтарды енгізу.
Көрнекіліктер; интерактивті тақта, көлік суреттері, бағдаршам суреті, геометриялық пішіндерден аң суреттері, «Әли мен Ая» санамақ жаттығу видеосы.
Блингвальді компаненттер: түстер, жыл мезгілдері.
Балалар залға әдемі әуенмен кіріп жартылай шеңбер құрып тұрады.
Шаттық шеңбері.
Алтын сәуле арайлы,
Бақшамызға тарайды.
Қуаныш пен шат күліп,
Қарсы алайық арайды.
Қайырлы таң қонақтар!
Сәлеметсіздерме!
Здравствуйте!
Санамақ жаттығуы «Ая мен Әли»
Қане балалар маған саусақтарыңды көрсетіңдер, біз олармен ойнайық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.
Сиқырлы сәт: (есік қағылып шарға ілінген хат келеді)
Тәрбиеші: -Балалар бұл жай хат емес ішінде ішінде сиқырлы тапсырмалар бар екен қане ашып көрейік.
Мында сендердің білімдеріңді білгісі келген сиқыршының тапсырмасы бар екен. Оны көру үшін суреттерді құрастыруымыз керек. (Балалар құрастырады жыл мезгілдерінің суреті шығады)
Тәрбиеші: хатты ашып оқиды.
Сәлеметсіңдерме балалар?. Сендерді алдыда келе жатқан жазғы демалыстарыңмен құттықтаймын. Осыған орай мен сендерге тосын сый дайындап қойдым. Сендер оны аса ұйымшылдықпен, бір-бірлеріңе көмектесу арқылы орындап шығуларын керек. сиқырлы қалпақтың ішіне мен қалдырған жұлдызшалардағы тапсырманы орындау арқылы толтырамыз, сонда ғана сиқырлы сандыққа жетіп ішіндегіні ала-аласыңдар.
Тәрбиеші: «Жұлдыз» тобы тапсырмаларды орындауға дайынсыңдарма?(бал-р ия)
1 сұрақ: Бағдаршам деген не?
Балалар тақпақ айтады.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем, баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бер , жасқанба! (Арай)
Дымбілмес келеді:
Бағдаршам, бағдаршам,
Ол маған неге керек?
Менің қалам кішкентай,
Көліктері де аз.
Өзім білем қалай жүрсем де? (Темірлан)
Бағдаршамды білмесең бір бәлеге ұрынасың. (Анель)
Қызыл түске- жол жоқ. (Айсана)
Жасыл түске- өте бер, бағыңа жанады. (Камила)
Сары түске- кідір тұр, жан – жағыңа қарайла. (Ягмур )
Дымбілмес: Онда, Қызыл-тоқта,
Сары- тос,
Жасыл-жүр.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар Дымбілмеске үйретіп жібердіңдер енді ол сақ жүреді. Орындаған жұлдызшаны қалпаққа салып қойайық.
2-тапсырма: Дидактикалық ойын «Бір сөзбен ата»
Интерактивті тақтадан балалар көліктерді атап бір сөзбен «Көліктер» деп атап береді.(аспанда ұшақтар ұшады, жерде жеңіл, ауыр,автобустар , суда кемелер, темір жолда пойыз жүреді)
Ұшақ самғап ұшады,
Көктің көзін құшады. (Жұлдызай)
Ал үйдің тура қасында,
Жүйіткіп жатыр машина. (Айару)
Кемелер суда жүзеді,
Теңізге бет түзеді. (Ерасыл)
Пойыз келеді зымырап,
Темір жолда зырылдап. (Нұрәлі)
Тәрбиеші: өте жақсы бұл тапсырманы да орындадыңдар.
3-тапсырма: Пойызға отырып, «Ш» дыбысын айтыңдар.
Балалар пойыз болып бір-бірімен тіркесіп музыкамен жүріп, тоқтап «Ш» дыбысын айтады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар бұны да орындадық, керемет.
Сергіту сәті:
Бір дегенде отырдым
Екі дегенде тұрдым
3-4-5 дегенде қол соғып
Оң жаққа бұрылып
Сол жаққа бұрылып
Шынығып біз алайық.
4-тапсырма: мен хайуанаттар бағына барып,уақытым аз болып, сендерге ондағы аңдардың суретін түсіріп жібердім деп жазыпты тапсырмасында.
Тәрбиеші: Бірақ суреттердің бояуы кетіп қалыпты, біз қазір аңдардың суретін қарындашпен әдемілеп салып қойайық. бұл жай суреттер емес тек пішіндерден құралған аңдардың бейнесі. (балалар пішіндерді атап айтады).
Өте жақсы жарайсыңдар балалар. 4-ші тапсырма орындалды.
5-тапсырма: «Жаз»туралы өлең айтылса.
«Қошақан» әні орындалады.
Тәрбиеші:Енді бәріміз көзімізді жұмып, ойымызбен не керек екенін іштей тілейік сиқыршы орындаймын деп уәде беріп хатқа жазып, көмекшісін жіберіпті. (Камила қолына сиқырлы таяқ алып қолдарындағы жұлдызшаларын түртіп шғады). Көздерін ашқанда сандықтағы тиын конфеттер дайын тұрады.
Тәрбиеші: Сұрақтар қояды қортынды жасайды.
Бізге кім қонаққа келді?, бағдаршамда қанша түс бар және түстері қандай?,
Қандай көліктерді білеміз?, қандай геометриялық пішіндерді білеміз?,қандай өлең айттық?.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар өте жақсы оқу қызметіне бір адамдай жақсы қатыстыңдар сендерге рахмет!