Ортаңғы "Жұлдыз" тобы".Тақырыптық ұйымдастырылған ашық оқу қызметі. Тақырыбы: "Жайнай берсін, Астана!". Тәрбиеші: Көжебаева Л.А. » КГУ "Специальный ясли -сад №70"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№70 арнайы бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекттік мекемесі
Меңгеруші :
+7(727) 223-47-16
Әдіскер:
+7(727) 223-47-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ортаңғы "Жұлдыз" тобы".Тақырыптық ұйымдастырылған ашық оқу қызметі. Тақырыбы: "Жайнай берсін, Астана!". Тәрбиеші: Көжебаева Л.А.
03
шілде
2019

Ортаңғы "Жұлдыз" тобы".Тақырыптық ұйымдастырылған ашық оқу қызметі. Тақырыбы: "Жайнай берсін, Астана!". Тәрбиеші: Көжебаева Л.А.

Тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызмет


Тақырыбы: «Жайнай берсін, Астана!»
 Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
 - Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау.
 - Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
 
Көрнекілігі: Қазақстан  Республикасының  рәміздері, Астана қаласының ғимараттары.
 Әдісі: Әңгімелесу, сұрақ - жауап.
 Жүргізуші: Қайырлы таң, балалар!
 Қайырлы таң, қонақтар!
 - Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен құттықтаймыз!
 
 Жылулық шеңбері: Ал, енді балалар бәріміз бір - бірімізбен сәлемдесіп алайық.
 Амансың ба, Алтын күн!
 Амансың ба, Жер ана!
 Амансың ба, Астана!
 Келдік саған қуана!
 
 - Балалар, енді бүгінгі күнімізге сәттілік тілей отырып, жылы лебіздер айтайық.
 Деніміз сау болсын!
 Күніміз күлімдесін!
 Еліміз аман болсын!
 Ата - анамыз қасымызда болсын!
 Бәріміз дос болайық!
 Бәріміз бақытты болайық!
 Аспанымыз ашық болсын!
 Әнұран орындалады.
 
 - Кәне, балалар отырайық. Біз бүгін Отан туралы әңгімелесеміз. Балалар Отан деген сөзді қалай түсінеміз?
 Балалар: туған жерім, атамекенім, отбасым, халқым.
 - Дұрыс балалар, Отан дегеніміз біздің еліміз, туған үйлеріміз, өзіміз туып өскен жеріміз.
 - Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстанды Отанымыз дейтін себебіміз, бұл жерде ата - бабаларымыз тұрған, енді сол жерде біз тұрамыз. Адал адам Отанын сүйеді. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, Отансыз да өмір сүре алмайды. Біздің мемлекетіміз Қазақстан Республикасы, ұлтымыз - қазақ.
 
 - Балалар, Қазақстан Республикасының президенті кім?
 - Біз қай мемлекетте тұрамыз?
 - Қазақстан Республикасы
 - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?
 - Қазақ тілі
 - Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады? Соның ішінде қандай ұлт өкілдерін білесіңдер?
 - Орыс, өзбек, түрік, қытай.
 - Мемлекеттік рәміздерімізді кім атап береді?
 - Әнұран, ту, елтаңба.
 - Ел ордамыз қай қала?
 - Астана.
 
 




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив