Ересек "Гүлдер" тобы". ҰАОҚ. Тақырыбы: "Дос іздеген бота". Тәрбиеші: Сапакова А.Р. » КГУ "Специальный ясли -сад №70"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№70 арнайы бөбекжай-балабақша»
коммуналдық мемлекттік мекемесі
Меңгеруші :
+7(727) 223-47-16
Әдіскер:
+7(727) 223-47-16
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ересек "Гүлдер" тобы". ҰАОҚ. Тақырыбы: "Дос іздеген бота". Тәрбиеші: Сапакова А.Р.
29
наурыз
2019

Ересек "Гүлдер" тобы". ҰАОҚ. Тақырыбы: "Дос іздеген бота". Тәрбиеші: Сапакова А.Р.

«ДОС ІЗДЕГЕН БОТА»

Білім беру саласы: Коммуникация.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма.

Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұны бойынша кейіпкерлердің рөлінде ойнауға үйрету. Ертегіні сахналау шеберліктерін арттыру.Нағыз дос туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, достық сезімдеріне тәрбиелеу.

Құралдар: Сахналауға қажетті кейіпкерлер костюмдері.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу,көрсету, сахналау, мадақтау, сұрақ-жауап.

Көптілділік: Түйе-верблюд-camel, бота-верблюжонок- little camel, қозы-ягненок- lamb, лақ-козленок- kid,күшік- щенок - puppy,мысық-кошка- cat,әтеш-петух- cock, балапан-цыпленок -chick,ара-пчела- bee, дос-друг- friend.

Шаттық шеңбері.

-Балалар,сендер театрда ертегі тамашалағанды жақсы көресіңдер ме?(Иә).

-Рөлге бөлініп ойнағанды ұнатасыңдар ма?(Ұнатамыз).

-Рөлде ойнап нағыз кейіпкерге ұқсау үшін не қажет?(Кейіпкерлердің костюмін киеміз, маскасын тағамыз.Бас киімдерін қолданамыз).

-Жарайсыңдар, ал костюмсіз кейіпкерді қалай сомдап көрсетуге болады?(Қимылмен, ым-ишарамен көрсетеміз).

-Ал қимылмен көрсету деген не?(Кейіпкердің көңіл-күйін қуануды, қорқуды, таңырқауды қимылмен көрсете білу).

--Мен бірнеше сөзді айтамын,сендер қимылмен көрсетіңдер. «Ойланып тұрмын», «Сәлеметсіз бе», «тыныш», «иә», «жоқ», «болмайды», «сау болыңыз». (Балалар қимылмен көрсетеді).

-Жарайсыңдар балалар, енді театр кассасынан билет алып, көтеріңкі көңіл-күймен өз орнымызға жайғасайық. (Билеттер ертегі кейіпкері негізінде болады. Балалар кассирмен амандасып, билеттерін алады. Отырады, қол соғады).

Автор:  Сәлеметсіздер ме, көрермендер! Театрға қош келдіңіздер. Сіздерді «Дос іздеген бота» ертегісін тамашалауға шақырамыз.

Автор: Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты.

Түйе: 

Түйе, түйе, түйемін,

Жануармын киелі.

Жан-жағыма қараймын,

Күн мен түнді санаймын.

Автор: Түйе өзінің жібек жүнді , сүйкімді баласына мейірімділікті ,адалдықты үйретеді.Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.

Түйе:

Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды.

Жібек жүнің үлбіреп,

Қарасам көз тоймайды.

-Боташым, мен саған жақсы достан басқаның бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қиын,әрі қызық емес. (Ботасы басын изеп тұрады).

Автор: Бота өзіне ұқсайтын жалт-жұлт еткен жүні бар, жағымды үні бар дос іздеп шығады.Ол ойнақтап, секіріп жүрген қозы мен лаққа келеді.

Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Қозы: Мә-ә-ә, мен қошақан қозымын, момақанның өзімін.

Лақ: 

Мен лақпын, қандаймын,

Аппақ болған таңдаймын.

Кел бәріміз дос болайық.(Айналып секіреді).

Бота: Жоқ...Жоқ, сендер сияқты дос емес.

Қозы мен лақ: Мүмкін күшік болар.(Бота күшікке келеді).

Күшік:

Гаф-гаф мен күшікпін саққұлақ,

Үй күзетем шапқылап.

Дыбыс шықса маңайдан,

Гаф-гаф! деймін қаттырақ.

Кел,екеуміз дос болайық.(Айналып секіреді).

Бота: Жоқ-жоқ,сендер сияқты дос емес.

Күшік: Мүмкін мысық болар.(Бота мысыққа келеді).

Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Мысық:

Мяу-мяу, мен кәдімгі мысықпын,

Өзім тым пысықпын.

Бәрімен дос болып,

Пырылдаған пысықпын, пыр-р,пыр-р.(Айналып секіреді)

Бота: Жоқ-жоқ,сендер сияқты дос емес.

Мысық: Мүмкін әтеш болар.(Бота әтешке келеді).

Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Әтеш:

Ку-ка-ре-ку! Бұрап қойған сағаттай.

Айқайлаймын таң атпай.

Таңмен ерте тұрамын,

Бәріңді оятамын.Ку-ка-ре-ку!

Кел екеуміз дос болайық. (Айналып секіреді)

Бота: Жоқ-жоқ,сендер сияқты дос емес.

Әтеш: Мүмкін балапан болар.(Бота балапанға келеді).

Балапан:

Мен әдемі балапан,

Біліп қой сен, ботақан.

Достарым бар менің көп,

Кел екеуміз дос болайық.

Жем шоқиық,бірге ойнайық.

Бота: Жоқ-жоқ,сендер сияқты дос емес.

Балапан: Мүмкін ара болар.(Бота араға келеді ).

Ара ызылдап гүлге қонып жүреді.

Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Ара:

З-з-з, ұшып келсем қасыңа,

Менен сен шошыма.

Сен тимесең тимеймін,

Қастығым жоқ, досыма, з-з-з.

Кел екеуміз дос болайық,

Гүл терейік,бал жинайық.(Айналып секіреді)

Бота: Жоқ-жоқ, сендер сияқты дос емес.

Автор: Ара ызылдап қуа жөнеледі.Бота арадан зорға қашып құтылады.Басы салбырап,дос таба алмай,өз анасына келеді. 

Түйе: Дос таптың ба,ботам?

Бота: Жоқ ,анашым,сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз,тура мен сияқты, ешкім жоқ екен.

Түйе: Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқанмын,боташым. Досты жан тазалығымен таңдау керек.

Автор: Бота қуанып, адал достары қозыны, лақты, күшікті,мысықты, әтешті,балапанды,араны ертіп барлығы бірге «Дос болайық» әнін орындайды.(Көрермендер қол шапалақтайды.Әрбір кейіпкер өзін таныстырғанда алға бір қадам шығып, иіледі).


















Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив