05
қыркүйек
2025
"Үйде қазақ тілінде сөйлесейік"
Тақырыбы: «Үйде қазақ тілінде сөйлейік»
Мақсаты: Үй жағдайында баланың тілдік ортасын қазақ тілінде қалыптастыру жолдарын ұсыну.
Ата-аналарға кеңес:
1. Күнделікті тұрмыста қазақша сөйлесіңіз.
- Қарапайым сөз тіркестерінен бастаңыз: «Қайырлы таң», «Қалайсың?», «Көмектесші», т.б.
2. Баланы мадақтап отырыңыз.
- Қандай да бір сөзді дұрыс айтса, мақтап, қызығушылығын арттырыңыз.
3. Қазақша мультфильмдер мен ертегілер көріңіз.
- «Алдар Көсе», «Қожанасыр», «Ер Төстік» т.б. қазақ тіліндегі анимациялар сөздік қорды арттырады.
4. Қазақ тіліндегі ән, тақпақ жаттаңыз.
- Бірге жаттап, баламен бірге қайталаңыз.
5. Отбасылық ойындар ұйымдастырыңыз.
- «Кім жылдам?», «Сөз тап» сияқты ойындарды қазақ тілінде ойнаңыз.
6. Баланың сұрағына тек қазақша жауап беріңіз.
- Егер түсінбесе, жай және нақты тілмен түсіндіріңіз.
7. Аптасына бір күн – тек қазақ тілі күні.
- Барлық отбасы мүшелері сол күні тек қазақша сөйлессін.
Қазақ тілі маманы: Абдыкаримова А.Т.