Гұлдей жайнап өсе бер жас ұлан!
Тақырыбы: «Кім күшті, епті?». Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру; Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. Түрі: Эстафеталық ойын. Өтілетін орны: Спорт алаңы.